Шығыс Қазақстан Облысы Білім Басқармасының «Индустрия-технология колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

+7 (7222) 42-47-07

+7 (7222) 42-45-99

+7 (7222)42-47-66

kguitksemey@mail.ru

Сұрақтар қалды ма? Біз сізбен хабарласамыз!
ᅠ
ᅠ

Колледж туралы

Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының «Индустрия-технология колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – қаланың көне оқу мекемелерінің бірі. 1939 жылы механизация мектебі ретінде ірге тасы қалаған. Одан бері колледж атауы бірнеше рет өзгерсе де мамандық саласы өзгерген жоқ. Бұл дегеніміз жұмыс мамандарын білікті түрде дайындау деген сөз. Студенттерді қабылдау 9-шы сынып негізінде жүргізіледі. Оқу тегін. Отбасының әлеуметтік жағдайы төмен студенттерге тегін тамақ беру қарастырылған. Оқушыларға ай сайын 16,454 теңге көлемінде шәкіртақы төленеді. Колледждің жақсы жабдықталған материалды-техникалық базасы білім берудің заманауи технологияларын пайдалануға мол мүмкіндік береді. Теориялық білім беретін аудиториялар интерактивті және мультимедиялық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Зертханалар мен шеберханалар қажетті аспап, құралдармен жабдықталған. Автокран мен экскаватор жұмысының электронды көрсеткіш аспабы, автокөлік ақауларын анықтайтын электронды сканер, шиномонтаж шеберханасы. ВС  категориясы бойынша автокөлікті жүргізуге үйрету үшін 6 жүк көлік және 5 жеңіл көліктері, 4 экскаватор және басқа да жабдықтармен қамтамасыз етілген. Осының бәрі зертханалық, тәжірибелік сабақтарды оқытудың дуальді жүйесін пайдалана отырып, жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Біздің мамандықтар:

1. Автокөлікті пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету, түлектер арнайы орта білімі туралы диплом, «ВС» санатты жүргізуші куәлігін, автокөлік жөндеу бойынша слесарь куәлігін алады.

2. Жол-құрылыс машиналарының техникалық пайдалануы.  Екі біліктілік бойынша оқуға шақырылады:

  • Колледждің бірінші топ түлектері арнайы орта білімі туралы диплом, дөңгелекті және шынжыр табанды тракторларды жүргізуге құқылы «АВ» санатты тракторшы-машинист куәлігін, «ВС» санатты жүргізуші куәлігін, жол-құрылыс машиналарын жөндеу слесарь куәлігін алады.
  • Колледждің екінші топ түлектері арнайы орта білімі туралы диплом, автокөлік көтергіш куәлігін, «ВС» санатты жүргізуші куәлігін және жол-құрылыс машиналарын жөндеу слесарь куәлігін алады.

3. Тамақтандыруды ұйымдастыру (аспазшы, кондитер)

Түлектер келесі құжаттарды алады: арнайы орта білімі туралы диплом, аспазшы немесе кондитер куәлігі.

Колледж асханасында оқушылар тегін ыстық тамақпен тамақтанады.

Біздің студенттер үнемі халықаралық, аймақтық, қалалық сайыстарда және олимпиадаларда қатысады. 

Политика конфиденциальности
Рейтинг@Mail.ru